Алматы : Жалын, 1994. — 399, [1] б.
«Қазақтың қысқаша тарихы» аталған бұл кітапты Қытай Халық Республикасындағы қазақ ғалымдары жазып, 1987 жылы Шынжаң халық баспасынан шығарған болатын. Аталмыш кітаптың тарихи-танымдық мән-мәйегін ескеріп, туындыны Қазақстанның қалың оқырманына ұсынып отырмыз. Өйткені бұл кітап көне қытай, араб, парсы жұрттарының жазба деректеріне, түрік, моңғол шежіре-жылнамаларына сүйене отырып, қазақ халқының сақ, ұлы иозы (юечжи) үйсін, қаңлы, һұн (хуншу) секілді ежелгі елдердің ұрпағы екеніне көз жеткізеді. Сөйтіп, аталмыш туынды қазақтың арғы ата-бабасынан (біздің дәуірімізден мыңдаған жыл бұрын) мұралықка қалған қасиетті қара қонысында отырған байырғы ел, марқа мәдениеті, бай тарихы бар көшелі жұрт, көне халық екенін дәлелдеп берген.