Алматы: Қарасай, 2012. — 312 6. — ISBN: 978-601-7049-17-1.
«Инженерлік механиканың» толық оқулығы, өз кезегінде, әр курстарда (семестрлерде) оқытылатын үш оқулықтан тұрады, олар: «Инженерлік механика-І», «Инженерлік механика-II» және «Инженерлік механика-III».
Бұл оқулықтар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінін 2005 жылдын 11 мамырындағы № 289 бұйрығымен бекітілген және күшіне енген, сонымен қатар осы министрліктің жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік кеңесінің 2006 жылдың 22 маусымындағы шешімімен күшіне енген Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына, үлгілік (типтік) және жұмыстық оку жоспарына сәйкес жазылған.
Пәннің негізгі мақсаты: «Математиканың», «Физиканың», «Теориялык механиканың» және «Материалдар кедергісінің» теориялык негіздерін жете түсіну аркылы, қазіргі заманға сай құрылымдар мен ғимараттардың элементтерін беріктікке, қатандыққа және орнықтылыққа есептеуге үйрету.
Оқулық техникалық жоғары оқу орындарында 050729 ~ «Құрылыс» мамандықтары үшін оқылған дәрістердің негізінде сұрыпталынып, техникалық мамандықтардың бакалавриаттарына арналған. Осы оқулықты «Қолданбалы механика» және «Материалдар кедергісі» пәні оқытылатын барлық мамандықтардын студенттері де пайдалана алады.