Пəнінің оқу-əдістемелік кешені. — Алматы: ҚазҰТУ, 2008. — 55 бет.
Берілген оқу-əдістемелік кешен(ОƏК) 050732-« Стандарттау, метрология жəне сертификаттау» мамандығы үшін бакалавр оқу жоспарының типтік жəне жұмыс бағдарламасына пəннің тематикалық жоспары «Syllabus»-пен сəйкес құрастырылған. Оқу-əдістемелік кешен «Машина жасау технологиясының негіздері» пəнінің негізгі мазмұнын сипаттайды. Бұл пəн «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері», «Кесу теориясы», «Материалтану» т.б. осы сияқты пəндерден алған терең білімдерімен игерілуін талап етеді.
Дəріс конспектілерінде пəннің негізгі түсініктемелеріне,мақсаттары мен міндеттеріне назар аударылған. Өндірістік үрдістердің даму тарихы, өндірістерді түрлері,технологиялық үрдістерді жіктеу,технологиялық операциялардың құрылымы, машина тетіктері мен түзілімдердің сапасын қамтамасыз етудің технологиялық негіздері,машина тетіктері мен дайындама бетінің сапа параметрі,технологиялық əдістермен беттік қабат қалыптастыру,машина құрастыру дəлдігін қамтамасыз ету əдістері,дайындамаларды механикалық өңдеу дəлдігі жəне т.б. тақырыптар қарастырылған.
Зертханалық жұмыстар 1 кредит бойынша жүргізіледі. Дəріс материалынан алған білімді бекіту үшін зертханалық жұмыстар жұмыстар планы бар. Əр зертханалық жұмыстар жұмысқа арнайы əдістемелік нұсқау келтірілген.
Теориялық, зертханалық жұмыстар жұмыстардан алған білімдерді бағалау жəне қорытындылау ретінде пəннен емтихан жүргізіледі. Осы пəнді оқып-білу барысында көп кездесетін терминдер,түсініктемелер мен анықтамалар оқу-əдістемелік кешенде құрастырылған глоссарийде келтірілген. Бұл терминдер,түсініктемелер мен анықтамалар осы мамандық бойынша оқытылатын «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері», «Кесу теориясы»,«Өнімділік сапасын қамтамасыз ету» пəндерінде кеңінен кездеседі.