Нұр-Сұлтан: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, 2020. — 852 б.
Кітап Ауғанстанның тарихына арналған. Мұнда Үндістан, Иран және Орта Азия арасындағы жолдар қиылысында орналасқан маңызды елдің негізгі тарихи кезеңдері кешенді түрде қарастырылады. Ауғанстан әрқашанда маңызды оқиғалардың бел ортасында орын алып, өз мүдделері үшін күрес жүргізген ұлы және өңірлік державалар арасында болды. Ежелгі және орта ғасырлардағы ұлы империялардан бастап Британ және
Ресей империяларының «Үлкен ойынына» дейін, «Талибаннан» американдық қатысуға дейінгі кезеңді қамтиды.