Алматы: Қазақ университеті, 2018. — 162 б.
Жоғары сапалы ауылшаруашылығы өнімдерін алу үшін қазіргі заманғы химия ғылымдарының жетістіктерін тиімді қолдану оқу құралының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдеріне арналған тыңайтқыштар мен биогенді элементтердің агротехникалық мәні, тыңайтқыштар түрлері, олардың тиімділігі, өндіру әдістері, топыраққа енгізу мөлшерлері мен мерзімдері, тыңайтқыштармен жұмыс жасау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, қолданудың экологиялық аспектілері қарастырылады. Әрбір бөлімде теориялық материал, өзіндік бақылауға және қайталауға арналған бақылау сұрақтары, өз бетімен орындауға арналған жаттығулар берілген.