Алматы: Ұлағат, 2013. — 80 б.
Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие процесінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік – мұғалімнің бір мезгілде екі, үш, тіпті төрт сыныпқа қатар сабақ беруі. Шағын жинақты мектеп мұғалімдері күрделі жағдайда жұмыс істейді: олар түрлі сыныптарға арналған оқу бағдарламалары бойынша дайындығы әртүрлі оқушыларға бір мезгілде сабақ жүргізуге тура келеді.