Павлодар: Сытин, 2021. — 300 б.
Ләзиза Серғазина Қазақстан халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың өмірлік жары болды. 1933 жылы КомВУЗ-да білім алып жүргенде екеуі танысып, содан бері жұптары жазылмаған. Екеуі жарты ғасырдан артық бірге кешкен ғұмырында Ләзиза апайымыз жазушының жан серігі, адал досы, ақылшысы, кейде шығармаларының өткір сыншысы бола білді. Ләзиза Серғазина 1982 жылы Алматы қаласында 74 жасында дүние салды.